24 ақпанда бөбекжайымызда қызметкерлердің инновациялық педагогикалық тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандардың арасында «Үздік жас маман -2023» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Аталған байқау кәсіби жарыста өз күштерін көрсетуге және өз жұмыстарын қызықты етуге, оған жаңа шығармашылық жаңалықтар енгізуге бірегей мүмкіндік болып табылады. Барлық педагогтер байқауға жауапкершілікпен қатысты.
Педагогтер өз сөздерінде әріптестерімен өз ойларымен, жаңалықтарымен, педагогикалық шеберлік сырларымен бөлісті. Педагогтер өздерінің өнерлерін дидактикалық ойындармен, түрлі-түсті бояулы презентациялармен сүйемелдеді. Әрбір презентация қызықты әрі әсерлі болды, педагогтер өздерінің жұмыс барысында кездесетін мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын көрсете отырып, өздерінің педагогикалық ойларын ұсынды.
Жас мамандар сараптама комиссиясына визиттік карточкаларын ұсынды, ұйымдастырылған іс-әрекеттін ашық көрсетілімі «Мен – балалық шақтың педагогі», іс-әрекеті барысында инновациялық технологияларды қолдануда демонстрациялық тәжірибе көрсету; эссе жазу «Менің таңдаған мамандығым немесе мамандыққа қарай алғашқы қадамдарым»; «Менің шұғылданатын әс-әрекетім».
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
1 орын- Аманкулова Жайна Омирзахкызы, №3 «Дружная семейка», ортаңғы тобының тәрбиешісі;
ІІ орын - Самсаденова Забира Асхаткызы, музыка қызметкері;
ІІІ орын- Тауасарова Асель Сериккалиевна, №2 «Колокольчики», ересек тобының тәрбиешісі.
Барлық педагогтерді шын жүректен құттықтаймыз!











