Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

30.04.2023 ж

Қазақстан халқының Бірлік күні – бұл Қазақстан аумағында мекендейтін барлық халықтың бірлік мерекесі.

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау

Жеміс толы бақша-бау

Болсын жер мен су ортақ

Болсын бізге ну ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз!

Мерекеге орай бөбекжайымыздың барлық топтарында «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз!» сазды спорттық ойын-сауық өтті. Балалар тақпақ оқып, би биледі, жұмбақ жасырды, спорттық жарыстар мен эстафеталарға қатысты. Балаларға өткізілген іс-шара ұнады.