Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

 Самсаденов Асхат Самсаденович 1974 жылы Атырау облысында дүниеге келді. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірді. Қазіргі таңда  «№ 36 Топотушки» бөбекжайында дене шынықтыру маманы қызметін атқарады.

Педагог бөбекжай ішінде өтетін, қалалық, республикалық сырттай байқауларға қатысып отырады. Бөбекжай тәрбиеленушілері Асхат Самсаденовичтің дене шынықтырудан оқу іс-әрекетіне үлкен қызығушылықпен қатысады. Педагог бөбекжайда балалардың денсаулықтарын нығайтып, ақыл-ойын, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын  арттыру мақсатында көңілді эстафеталар,  сауықтыру, мерекелік іс-шараларын үнемі өткізеді. Бұл шараларға ата-аналар да балаларымен бірге қатысып отырады.

Асхат Самсаденович өз жұмысына жауапты, ұжымда сыйлы педагог.

2023 жылы Асхат Самсаденович «Ойын технологиясы-мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбындағы қалалық-әдістемелік семинарға қатысты.

Самсаденов Асхат Самсаденович Ақтау қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ұсынылады.