02.11-06.11. 2020 ж. Қараша айының бірінші аптасында барлық топтарда «Күз байлықтары» тақырыбында күзгі ертеңгіліктер өтті. Балабақшада өтетін әрбір мереке балаларға таңғажайып қызықты сәттер, қуаныш пен бақыт сыйлайды. Алтын күз әрбір топқа қонақ болды. Үлкендер және балалармен бірге ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ертеңгілік соңында жомарт Күз балабақшаның сүйкімді бүлдіршіндеріне дәмді алмалар тарту етті.






