Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

12 сәуірде бүкіл ел Ғарышкер күнін атап өтеді. Біздің балабақшада бұл шараны ойдағыдай өткізді. Барлық топтарда «Ғарыш алыс және жақын» тақырыбында тақырыптық оқу қызметтері өтті. Балаларға «ғарыш», «галам» сияқты түсініктер берілді. Балалар алғашқы ғарышкер Юрий Гагаринмен танысты. Сонымен қатар қазақ елінен ғарышқа ұшқан ғарышкерлер Тоқтар Әубакіров, Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетовпен танысты.
Мектепке дейінгі шақ – тұлғаны қалыптастырудың маңызды кезеңі және мұндай іс-шаралар балалардың бойына патриоттық сезімнің дамуына ықпал етеді. Балалардың бойында өз еліне, Отанына, оның мәдениетіне деген мақтаныш пен құрмет сезімі қалыптасады.