Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

ҚР Конституция күніне орай біздің балабақшада тақырыптық іс-шаралар өтті. Педагогтер мектепке дейінгі балаларды Коституцияның негізгі ережелерімен таныстырып, Отанын қорғауға, еліне деген ыстық сүйіспеншілік қасиеттеріне тәрбиелейді. Балалар ҚР мемлекеттік рәміздерін екі тілде атап біледі, педагогтер балаларды өздерінің құқықтық міндеттерін білуге үйретеді, бойларына құқықтық мәдениеттерді қалыптастырады. Топтарда тәрбиешілер балалармен Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік рәміздер туралы тақырыптық оқу қызметтерін өткізді. Балалармен әңгіме құру барысында Конституция ұғымын, әр азаматтың құқықтары мен міндеттері болатынын түсінді. Ересек пен мектепалды топтарымен «Конституция күні» тақырыбында іс-шаралық мереке өтті. Балалар мемлекеттік және орыс тілінде тақпақтар оқып, әндер орындады. Аталған іс-шаралар мақсатында болашағымыздың жас ұрпақтары Отанын құрметтеуді, туған елін мақтан тұтуға үйренеді.