Көңілді көктемде біздің балабақшамыз Наурыз мерекесін тойлады. Наурыз мейрамы мұсылмандар үшін, Қазақстан халқы үшін қасиетті мереке деуге болады. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамында күн мен түн теңеледі. Табиғат та, жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігі құдай ұзағынан сүйіндірген! Өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге жастайынан салт-дәстүрді сіңіру керек, сондықтан балабақшада Наурыз мерекесін қызықты өткізу өте маңызды. Балалар «Арқан тарту», «Қыз қуу» ойындарына белсене қатысып, тақпақтар айтты, көктем туралы, «Наурыз» мерекесі туралы ән айтты, қазақтың ұлттық биін биледі. Мерекеде балаларға Көктем аруы, ақкөңіл, тапқыр, Алдар Көсе, сараң Бай қонаққа келді..










