Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

30-31 сәуір аралығында балабақшада 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Балабақшаның барлық  топтарында ойын-сауықтар өткізілді: «1 мамыр мерекесі құтты болсын!» Зал шарлармен, ленталармен, гүлдермен безендіріліп, балалар қазақ, орыс, молдаван, өзбек ұлттарының және  т.б ұлттық киімдерді киді. Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнап, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, ән шырқап, әр тілде тақпақтар оқыды, осылайша бір-біріне дос болып, көмектесе алатындарын дәлелдеді. Мереке достық туралы көңілді әнмен аяқталды.

Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.