Біз сүйкімді балалардың есінде қалған қуанышты жаңалығымызды барлығымен бөліскіміз келеді.
Біздің балаларға көңіл -күй сыйлайтын №36 «Топотушки» балабақшасына мейірімді қонақ келді. Ол біздің Ақтау қаласының ерікті (волонтер) азаматы Стас Ворожейкин. Стас балаларға құр қол келмеді. Стастың ата-анасы балаларға көптеген сыйлықтар беріп жіберген екен. Стас балаларға құммен ойнауға арналған ойыншықтар жиынтығы мен тәтті алмалар таратып берді. Балалар сыйлықтарға ерекше риза болып, Стас ағасына рақметін айтты. Стас балалармен балаша қуанып, ағылшын тілінде сөйлесіп, тез тіл табысып кетті. Ол балалардың қызықты қылықтары мен іс-әрекеттеріне назар аударып, әрбір бүлдіршінді өзіне тартып, қуаныш сыйлады. Болашақ ұрпақты тәрбиелеп жүрген тәрбиешілерге де алғысын білдірді. Содан кейін балалармен гүлзарлар мен ағаштарды бірге суару жұмыстарын атқарды. Стас, саған үлкен рақмет! Ерікті бола білу -ең алдымен халыққа пайда әкелу! Жақсы идеялардың игілігі үшін жасалған кішкене ғана іс-әрекеттер сізді беделді, маңызды тұлға жасайтыны сөзсіз.






