Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат
ddu36@mail.ru
8 (7292) 31-19-08
Эскерова Гульмира Зедулаховна 1988 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келді. 2006–2011 жылдар аралығында Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша білім алды.
Алғаш еңбек жолын 2012 ж. №36 Топотушки» бөбекжайында бастады.
Педагог бөбекжай тәрбиеленушілерімен оқу іс - әрекеттерін қызықты етіп өткізеді. Гульмира Зедулаховна үнемі Республикалық, облыстық, қалалық байқауларға белсенді қатысып отырады. Тәрбиешінің тобындағы балалар үнемі қалалық, облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орын алып отырады.

Педагог өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ұжымда сыйлы, абыройлы педагог.
2022 ж - Алғыс хат АҚББ;
2022 - «Құрмет грамотасы» ҚСБҒҚ кәсіптік одағынын Манғыстау облыстық ұйым;
2020 жылы - «Үздік жыл тәрбиешісі 2020» байқауында II орын;
2022 жылы - Қалалық «Мен зерттеушімін» байқауынан II орын;
2022 жылы - Облыстық "Мен зерттеушімін" І орын;
2022 жыл – Диплом II орын «Мен зерттеушімін» Республикалық байқауы;
2021 жыл – Диплом I дәріжелі Қалалық «Менің сүйікті тәрбиешім» 1 орын (Цэхановская Вероника);
2022 жылы- Қалалық «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауының «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» қолөнер байқауы бойынша «Өнерлі отбасы» номинациясымен Курбанова Лэйла;
2023 – Қалалық «Қызыққы толы сәттер» атты байқауында II орын;
2023 –Диплом III орын. Қалалық «Шымырлық пен шеберлік күні» сырттай байқауының «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» бөлімі бойынша Ұланқызы Дария;
2023 жылы - « Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар»
Тәрбиеші Эскерова .Г.З. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатына ұсынылады.
Самсаденов Асхат Самсаденович 1974 жылы Атырау облысында дүниеге келді. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірді. Қазіргі таңда «№ 36 Топотушки» бөбекжайында дене шынықтыру маманы қызметін атқарады.
Педагог бөбекжай ішінде өтетін, қалалық, республикалық сырттай байқауларға қатысып отырады. Бөбекжай тәрбиеленушілері Асхат Самсаденовичтің дене шынықтырудан оқу іс-әрекетіне үлкен қызығушылықпен қатысады. Педагог бөбекжайда балалардың денсаулықтарын нығайтып, ақыл-ойын, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында көңілді эстафеталар, сауықтыру, мерекелік іс-шараларын үнемі өткізеді. Бұл шараларға ата-аналар да балаларымен бірге қатысып отырады.
Асхат Самсаденович өз жұмысына жауапты, ұжымда сыйлы педагог.
2023 жылы Асхат Самсаденович «Ойын технологиясы-мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбындағы қалалық-әдістемелік семинарға қатысты.
Самсаденов Асхат Самсаденович Ақтау қалалық білім бөлімінің Алғыс хатына ұсынылады.

01.06.2023 ж. Бүгін бөбекжайымызда 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар үшін ерекше қуаныш – бақыт, достық, күн» мерекелік іс-шара өткізілді. Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында, тәрбиешілер мерекені қызықты өткізуге тырысты.
Мерекеге қонақ болып, көңілді кейіпкер келіп, балалармен ойын ойнап, би биледі. Балалар жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтып берді. Мереке соңында балаларға бөбекжайымыздың атынан тәтті шырын таратылды. Бала-біздің болашағымыз. Балалардың денсаулығы мықты болып


Бекмагамбетова Нуржамал Муратхановна Түрікменстан Республикасында дүниеге келді. «№36 Топотушки» бөбекжайында 2010 жылдан бастап, тәрбиеші қызметін атқарады. Педагог мектепалды даярлық тобында жұмыс жасайды. Балалармен ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін балалармен жоғары деңгейде өткізеді. Әр баланың білім деңгейін көтеруге, ақыл ойын жетілдіруге, жүректеріне жылулық сыйлауға тырысады. Ұжымда өте сыйлы қызметкер. Тәлімгер ретінде жас мамандарға әдістемелік көмек береді.
2019 жылы – Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қ. Филиалынан курстан өтті;
2021 жылы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ. Курстан өтті;
2019 жылы– Ашық хат, Ақтау қаласының әкімі;
2020 жылы - Құрмет грамотасы, Ақтау қалалық білім бөлімі;
2022 жылы – Алғыс, Маңғыстау облысының әкімі;
2022 жылы- Ақтау кәсіптік одағының ұйымдастыруымен өткізілген « Үздік ана»байқауы, «Белсенді топ» номинациясы, ІІІ дәрежелі диплом;
2021, 2023 жылдары – Республикалық «Мектеп ұстаздарының әлемі» педагогикалық журналына басылымы шықты;
2019 жылы – Қалалық мәнерлеп оқу байқауы «Тәуелсіздік - ел тұғыры», «Ынталандыру» дипломы
2022 жылы - Қалалық әдістемелік онлайн вебинар «Қазіргі білім беру технологиялары – мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту құралы»;
2023 жылы – Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу –әдістемелік орталығы» КММ Қалалық семинар «Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы».
Тәрбиеші Бекмагамбетова Н.М. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатына ұсынылады.
01.06.2023 ж. Бүгін бөбекжайымызда 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар үшін ерекше қуаныш – бақыт, достық, күн» мерекелік іс-шара өткізілді. Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында, тәрбиешілер мерекені қызықты өткізуге тырысты.
Мерекеге қонақ болып, көңілді кейіпкер келіп, балалармен ойын ойнап, би биледі. Балалар жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтып берді. Мереке соңында балаларға бөбекжайымыздың атынан тәтті шырын таратылды. Бала-біздің болашағымыз. Балалардың денсаулығы мықты болып
