Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат
ddu36@mail.ru
8 (7292) 31-19-08
25-26 мамыр күні мектепалды даярлық топтарында балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Жыл сайын біздің бөбекжайдан нағыз талантты, сүйкімді балалар мектепке жол тартады. Біз түлектерге болашақтары жарқын болсын деп тілейміз!
19.05.2023 ж. Жылдық жоспарды орындау аясында бөбекжайымызда ұйымдастырылған іс-әрекеттердің ашық көрсетілімі өтті. Ұйымдастырылған іс-әрекеттердің ашық көрсетілімдері педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру жүйесінде және жалпы оқу процесінде маңызды рөл атқарады. Қорытынды іс-әрекеттер меңгерілген білім, білік пен дағдыны дамытып, жалпылауға мүмкіндік береді. Барлық оқу іс-әрекеттері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрінде өтті. Жоғары топтар мен кіші топтардағы балалар тәрбиеші дайындаған ойын сюжеттеріне қызығушылықпен қатысты. Педагог балаларды жігерлендіріп, ойындарға ептілікпен қатысқандарын мадақтады. Нәтижеге қатысқандардың барлығы, яғни үлкендер де, балалар да риза болды.

05.05.2023 ж. 7 мамыр- Қазақстанның Отан қорғаушылар күні. Патриотизм - бұл Отанға деген сүйіспеншілік, Отанға адалдық, оның мүддесіне қызмет етуге ұмтылу және оны қорғауға дайын болу.
Бөбекжайда өткізілген мереке – бұл балалар үшін қуанышты мереке, ата-аналар балаларының мерекесіне үлкен қызығушылықпен келіп, балаларымен бірге қуанды. Бала өміріндегі ең көңілді сәттер бала жадында естелік болып қалуы керек. Бөбекжайдағы мерекеден кейін, балалар алған әсерімен қуана бөліссе, бұл педагогтер үшін үлкен жетістік. Балалар мерекеде ән айтып, би билеп, тақпақ айтты. Бір- бірімен жарысып, ойындар ойнады. Ойын барысында ұқыптылыққа, ептілікке, шапшандыққа үйренді.
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

19.05.2023 ж. 19 мамырда N35 бөбекжайда "Мектепке дейінгі ұйымдарда интеллектуалдық ойындарды еңгізудің маңыздылығы" тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Аталған семинарға біздің бөбекжайымыздың тәрбиешісі Сахратова А.А. жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, "Мектепке дейінгі балаларды интеллектуалды дамыту "тақырыбында шебер-сынып өткізді.

30.04.2023 ж.
Қазақстан халқының Бірлік күні – бұл Қазақстан аумағында мекендейтін барлық халықтың бірлік мерекесі.
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау
Жеміс толы бақша-бау
Болсын жер мен су ортақ
Болсын бізге ну ортақ
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз!
Мерекеге орай бөбекжайымыздың барлық топтарында «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз!» сазды спорттық ойын-сауық өтті. Балалар тақпақ оқып, би биледі, жұмбақ жасырды, спорттық жарыстар мен эстафеталарға қатысты. Балаларға өткізілген іс-шара ұнады.
