Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат
ddu36@mail.ru
8 (7292) 31-19-08
12.04.2023ж. 12 сәуірде Қазақстанда жыл сайын Ғарышкерлер күні атап өтіледі. Бұл еліміз үшін ерекше мереке. Өйткені, ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы тұңғыш рет қазақ жерінен 12 сәуірде ғарышқа ұшты. Қазақстандықтар жоғары атақтар мен мемлекеттік наградалармен марапатталған ғарышкер қаһармандарымен мақтана алады. Орбитада барлығы үш қазақстандық Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов болды. Біздің бөбекжайымызда Ғарышкерлер күніне арналған тақырыптық оқу іс- әрекеттері өткізілді.
11.04.2023ж. 2023 жылдың 11 сәуірінде бөбекжай психологы Кабанова Г.К. жас мамандармен психологиялық тренинг өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – педагогтің психологиялық денсаулығын нығайту үшін, эмоционалды күйзелісті жою. Оқу барысында жас мамандар кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, құнды тәжірибелер жинақтады.
07.03.2023 ж. Көктемнің алғашқы аптасында Аналар мерекесіне орай бөбекжайда мерекелік іс шаралар өтті. Аналар мерекесі әлемге жарық сыйлап, нұрын шашады. Ана-гүл, ана- өмір шуағы.
Балалар мерекеде аналарына, әжелеріне жыр жолдарын арнады. Ән айтып, би биледі. Балалар театрландырылған көрініс көрсетіп, аналары мен әжелеріне талантты екенін көрсете отырып, қуаныш сыйлады. Аталған іс -шаралар бөбекжай өміріне көктемгі шабыт пен қуаныш сыйлады.
17.03.2023 ж. Наурыз – Қазақстан жеріндегі көктем мен жаңару мерекесі. Бұл табиғаттың жаңарып, қалың қыстан аман есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде халқымыз бір- бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Балаларға бала кезінен салт-дәстүрді сіңіру керек, әр жылда балабақшада Наурыз мерекесін көңілді өткізу өте маңызды.
Бөбекжайымыздың барлық топтарында мерекелік іс-шаралар өтті.
Балалар мерекеге ән мен би дайындады, ұлттық ойындар ойнады. Олар ертеңгілікте өз өнерлерімен халқымыздың мәдениетін, қонақжайлығын көрсетті. Көңілді, көктем мерекесінде мерекелік дастархан жайылып, балалар бір -біріне тілектер айтты.
01.03.2023 ж. Көктемнің алғашқы күні, 1 наурызда Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтті. Бұл күні қазақ халқының бір-біріне деген достығын, татулығын, ынтымақшылдығын, қонақжайлылығын байқауға болады.
Алғыс айту күніне орай "N 36 Топотушки" бөбекжайында ұжым қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар ересектерге алғыс айтып, көңілдерін шабыттандырды.