Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Новости

01.03.2023 ж.  1 наурыз күні бөбекжайда «Ойын технологияларын қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық бейнелерін қалыптастыру» тақырыбында педагогтер кеңесі өтті.

Мақсаты: педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Педагогтер кеңесі барысында тәрбиешілер жаңа білім алып, оқу-тәрбие жұмысының барысын талдап қана қоймай, сонымен қатар балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындарды көрсетіп, пәндік дамытушы ортаны одан әрі жабдықтауға кірісетін болды.

 

24 ақпанда бөбекжайымызда қызметкерлердің инновациялық  педагогикалық тәжірибесін тарату, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандардың арасында «Үздік жас маман -2023» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Аталған байқау кәсіби жарыста өз күштерін көрсетуге және өз жұмыстарын қызықты етуге, оған жаңа шығармашылық жаңалықтар енгізуге бірегей мүмкіндік болып табылады. Барлық педагогтер байқауға жауапкершілікпен қатысты.

Педагогтер өз сөздерінде әріптестерімен өз ойларымен, жаңалықтарымен, педагогикалық шеберлік сырларымен бөлісті. Педагогтер өздерінің өнерлерін дидактикалық ойындармен, түрлі-түсті бояулы презентациялармен сүйемелдеді. Әрбір презентация қызықты әрі әсерлі болды, педагогтер өздерінің жұмыс  барысында кездесетін мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын көрсете отырып, өздерінің педагогикалық ойларын ұсынды.

Жас мамандар сараптама комиссиясына визиттік карточкаларын ұсынды, ұйымдастырылған іс-әрекеттін ашық көрсетілімі «Мен – балалық шақтың педагогі», іс-әрекеті барысында инновациялық технологияларды қолдануда демонстрациялық тәжірибе көрсету; эссе жазу «Менің таңдаған мамандығым немесе мамандыққа қарай алғашқы қадамдарым»; «Менің шұғылданатын әс-әрекетім».

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

1 орын- Аманкулова Жайна Омирзахкызы, №3 «Дружная семейка», ортаңғы тобының тәрбиешісі;

ІІ орын - Самсаденова Забира Асхаткызы, музыка қызметкері;

ІІІ орын- Тауасарова Асель Сериккалиевна, №2  «Колокольчики», ересек тобының тәрбиешісі.

Барлық педагогтерді шын жүректен құттықтаймыз!

 

25.01.2023ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 08 қантарында бөбекжайымызда «Ойын технологиясы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар мақсаты: балалармен жұмыс ұйымдастыруда ойын технологияларын қолдану арқылы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Бөбекжай директоры Ергизова О.А. семинарды ашып, бөбекжай әдіскері Мулдахова М.И.семинардың бағдарласымен таныстырды. Семинар бағдарламасы бойынша, ересек тобының тәрбиешісі Б.У.Татиева «Бауырсаққа көмектесеміз» интегралдық іс-әрекетті, мектепалды тобының тәрбиешісі Н.М.Бекмагамбетова «Путешествие по стране «Математика»» ұйымдастырылған математика негіздері бойынша, мектепалды тобының тәрбиешісі Г.З.Эскерова «В поисках клада» квест-ойының қолдану арқылы демонстрациялық көрсетілімін ұйымдастырды. Психолог Г.К.Кабанова семинарға қатысып отырған педагогтермен «Позитив эмоций основа здоровья педагога» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

 

 

8 ақпан 2023 жылы.  Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 08 ақпан айында «№36 “Топотушки” бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК-де қалалық «Жетістіктер апталығы» өтті.

Бөбекжай директоры Ергизова Ольга Александровна семинарды ашып, бөбекжай әдіскері Мулдахова Мугалима Ивантулаевна семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Жетістіктер апталығының бағдарламасы бойынша, ересек тобының тәрбиешісі Қынабай Г.Ж. «Путешествие в зимний лес» кіріктірілген іс-әрекетті, мектепалды тобының тәрбиешісі Джолдасова К.М. және Сахратова А.А «Проделки Снежной Королевы» кіріктірілген іс-әрекетті , мектепалды тобының тәрбиешісі Мырзахметова Г.Т. «Ойланып, ойнайық» кіріктірілген іс-әрекетті ұйымдастырды.

 

29.12.2022ж. Жаңа жыл – бұл бүлдіршіндердің ертегі мен ғажайыпқа сенетін, асыға күтетін ең сиқырлы, көңілді мерекесі.

Желтоқсанның 22-28 аралығында бөбекжайымызда жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті.

Әдемі безендірілген зал, сәнді шырша, сыйлықтар, мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндері Аяз ата мен Ақшақар және басқа да көптеген ертегі кейіпкерлерін асыға күтті.

Барлық мектеп жасына дейінгі балалар өз өнерлерін көңілді күймен көрсетті: би биледі, шыршаны айналып ән салып, би биледі, тақпақ айтты, ән айтты, қызықты ойындар ойнады. Мереке өте көңілді және қуанышты өтті. Балалар жадында көптеген жағымды әсерлер мен эмоциялар қалды.