Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Новости

Оқу жылында  педагогтер, балалар және ата-аналар арасында түрлі байқаулар мен балалар жұмыстарының көрмелері өткізілді.

Балабақшамен қоштасу – балалар үшін де, ата-аналар үшін де маңызды мереке. Балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне дайындық өте қызықты әрі жауапты болды. Мерекеде ән мен би билеп, ойындар ойналып, сыйлықтар ұсынылды.

Балаларымызға оқуда табыс, сәттілік тілейміз, әрқашанда алғашқы тәрбиешілеріңізді ұмытпаңыздар!  Құрметті біздің кішкентай тәрбиеленушілеріміз, сіздерді балабақшамызда көруге әрқашан қуаныштымыз!

30-31 сәуір аралығында балабақшада 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Балабақшаның барлық  топтарында ойын-сауықтар өткізілді: «1 мамыр мерекесі құтты болсын!» Зал шарлармен, ленталармен, гүлдермен безендіріліп, балалар қазақ, орыс, молдаван, өзбек ұлттарының және  т.б ұлттық киімдерді киді. Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнап, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, ән шырқап, әр тілде тақпақтар оқыды, осылайша бір-біріне дос болып, көмектесе алатындарын дәлелдеді. Мереке достық туралы көңілді әнмен аяқталды.

7 мамырда біздің еліміз «Отан қорғаушылар күні» мерекесін атап өтеді. Бұл мереке  біздің әкелеріміздің, аталарымыздың, ұлдардың мерекесі. Өйткені, олар біздің қазақ елінің қорғаушылары. Ал қорғаушылар мықты, батыл, ақылды болуы керек. Сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында балабақшада мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық қасиеттерге, туған жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерге тәрбиелеу.

21 сәуірде – тәрбиеші Мырзахметова Г.Т. жас педагогтерге «ТРИЗ технологияларын ҰОҚ қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шебер сынып  ойын түрінде өтті, жас педагогтер барлық тапсырмаларды қызықты орындады.

Барлық тапсырмаларды орындады.