Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

№36 "Топотушки" бөбекжайы»

жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байланыс

Ақтау қ. , 12-шағын аудан, 41-ғимарат

ddu36@mail.ru

8 (7292) 31-19-08

Новости

15 сәуірде балабақшада ZOOM форматы бойынша «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес Ақтау қаласындағы мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтеріне «Заманауи білім беру технологиялары- бұл мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту құралы » тақырыбында қалалық семинар өтті . Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту мен оқытуда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктері мен жетістіктерін арттыру.

Көңілді көктемде біздің балабақшамыз Наурыз мерекесін тойлады. Наурыз мейрамы мұсылмандар үшін, Қазақстан халқы үшін қасиетті мереке деуге болады. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамында күн мен түн теңеледі. Табиғат та, жер ана да, жан-жануарлар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігі құдай ұзағынан сүйіндірген! Өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге жастайынан салт-дәстүрді сіңіру керек, сондықтан балабақшада Наурыз мерекесін қызықты өткізу өте маңызды. Балалар «Арқан тарту», «Қыз қуу» ойындарына белсене қатысып, тақпақтар айтты, көктем туралы, «Наурыз» мерекесі туралы ән айтты, қазақтың ұлттық биін биледі. Мерекеде балаларға Көктем аруы, ақкөңіл, тапқыр, Алдар Көсе, сараң Бай қонаққа келді..

«Аbai.institute» -  https://abai.institute/learn 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.

Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.

Халықаралық әйелдер күні-бұл сүйіспеншілік пен сұлулық мерекесі. Бұл мерекеде ер азаматтар сүйікті аналарын, әжелерін, әпкелерін  құттықтайды. Жас ерекшеліктеріне қарай барлық топтарда 8 наурызға арналған мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Балалар мереке қарсаңында әдемі киініп, көңілді келді. Мереке күні әр баланың жүзі қуанышқа толы  болды. Балалар бірге қосылып ән айтты, аналары мен әжелеріне  тақпақтар айтып берді. Сонымен қатар би биледі. Балалар мерекелері әр уақытта  қабалабақша өміріне көктемгі қуаныш пен шаттық  сыйлайды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚР халықтарының Тілдер күні аталып өтті. Педагогтер балаларға 22 қыркүйек Тілдер күні  туралы мағлұмат барді. Балалар бір елде, бір шаңырақ астында әр түрлі ұлт өкілдері тату тұратынын білді. Балалар қазақ, орыс, әзірбайжан, кәріс тілінде тақпақтар оқыды, ұлттық ойындар ойнады. Тілдер күніне арналған мереке балаларға үлкен қуаныш сыйлады.

Сүйесің өз тіліңді,
Боласың білімді.
Өз тілің үйретер,
Өнерді, ғылымды
Ардақта тіліңді.